
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы КЕЗДЕСУ
2019 жылдың қараша айының 21 күні №26 мектеп - гимназиясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектеп мұғалімдері мен мектеп ата-аналарына арналған «Бала тәрбиесі» тақырыбында «Отбасы хрестоматиясы» кітаптар сериясының авторларының бірі, әрі сарапшысы, психолог Сейілбек Мырзабаймен кездесу өтті.
Сейілбек Мырзабай «Отбасы хрестоматиясы» кітаптар сериясымен таныстырды. Бұл кездесуден мұғалімдер мен ата-аналар көптеген мәліметтер алып, жақсы әсермен қайтты.




