Блог директора
Блог директора
Подробнее
Рекомендации по школьной форме
Рекомендации по школьной форме
Подробнее

«Қашықтықтан оқытуда қысқа мерзімді жоспарды қалай жоспарлау тиімді» МИФ отырысы

Биылғы жылы келген індет  елімізге біраз ахуал мен қиыншылықтар тудырды.

Әсіресе білім саласы қатты өзгерістерге ұшырады. Білім саласында қашықтықтан оқытуға байланысты біраз қиыншылықтар туғызғанымен, жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, ата-анамен бірлесе отырып, әрбір баланың оқуына үлкен мән – мағына берілуде. Сол мақсатта  біздің мектепте де әрбір әдістемелік бірлестік осы сұрақты қолға алған болатын.

Осы мәселе төңірегінде 07.10.2020 күні, математика, физика, информатика бірлестік мұғалімдері, Дархан Қуандықұлының бастауымен «Қашықтықтан оқытуда қысқа мерзімді жоспарды қалай жоспарлау тиімді» атты  шебер сағатын өткізді . Шебер сағатында білікті ұстаз, кәсіби маман Дархан Қуандықұлы, өз тәжірибесімен бөлісіп, басқа мұғалімдермен бірнеше мәселелерді талқылады. Атап айтсақ, қашықтықтан оқыту кезінде қысқа мерзімді жоспарды қалай құрастыру керек, сабақтың мақсатын құрастыру және тапсырмаларға дескрипторды қалай құрастыру керектігі айтылды. «Сабақ жоспарлау мұғалімнің өз сабағының жоспарын мақсатты құруына, кәсіби шеберлігін одан әрі жетілдіруіне септігін тигізеді» деген ой- тұжырымға келіп, бірыңғай форматтағы қысқа мерзімді жоспарды  бекітті. Осы шебер сағаты жаңадан келген ұстаздар мен тәлім алушы ұстаздарға  көп септігін тигізеді деген ойдамыз.

FaLang translation system by Faboba