
«Бастауыш пен орта буын арасындағы сабақтастық» тақырыбындағы онкүндік аясында ашық есік күн
19.04.2019 күні Нұр–Сұлтан қаласы әкімдігінің «№26 мектеп-гимназия» КММ «Бастауыш пен орта буын арасындағы сабақтастық» тақырыбындағы онкүндік аясында ашық есік күні өтті.
Мақсаты: Бастауыш сынып түлегінің орта буындағы оқуы табысты болу үшін, бейімделу кезінде балаға көмектесу оны психологиялық жағынан дайындау.
Ашық есік күні орта буын мұғалімдері 4-сыныптарда қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, дүниетану пәндері бойынша ашық сабақтар өткізді. Оқушылар мен сабаққа қатысқан ата-аналар, орта буын мұғалімдерімен танысып, сабақтарды жаңаша әдіс-тәсілдерді қолданып өткізген сәттері қызықтырғанын сабақты бағалау парақтарында жазып қалдырды.
Орта буындағы пән мұғалімдері бастауыштан енді ғана келген оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, сабақта, оқу-тәрбие жұмысында сабақтастықты қадағалап отырса, оқушылар психологиялық тұрғыда дайын болады.


